Тамекраз

Тамекраз

RX

Тамекраз - офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған микробқа қарсы және қабынуға қарсы әсері бар біріктірілген препарат.

Нұсқаулықты жүктеу arrow_forward

1 г препараттың құрамында:

белсенді заттар: тобрамицин сульфаты (тобрамицинге баламалы) - 3 мг; дексаметазон - 1 мг;

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сұйық парафин, ақ жұмсақ парафин

Көз бетінің бактериялық инфекциясымен немесе кортикостероидтармен емдеу көрсетілген көздің бактериялық инфекциясының қаупімен байланысты көздің қабыну жағдайлары:

  • көздің алдыңғы сегментінің қабыну жағдайлары
  • көздің алдыңғы сегментінің созылмалы увеиті
  • химиялық заттардың, радиациялық немесе термиялық күйіктердің әсерінен және бөгде денелердің енуінен туындаған қасаң қабықтың зақымдануы

Офтальмологиялық жақпа немесе тамшылар түріндегі кортикостероидтарды тек көзді тексергеннен кейін ғана тағайындау керек.

Күніне 3-4 рет зақымдалған көздің (көздердің) конъюнктивалық қапшығына ұзындығы шамамен 1,0-1,5 см жақпа жолағын жағыңыз. Жақпа және тамшылардың комбинациясы қолданылуы мүмкін: кешке жатар алдында жақпа, күндіз тамшылар.

Көзге арналған жақпа қолдану:

Басыңызды артқа еңкейтіңіз

Төменгі қабақтың астына саусақты қойып, төменгі қабақ пен көз арасында V-тәрізді қалта жасау үшін ақырын төмен тартыңыз.

V-тәрізді қалтаға Тамекраз жақпа майының аз мөлшерін (ұзындығы шамамен 1-1,5 см жолақ) салыңыз. Түтіктің ұшын көзіңізге тигізбеңіз

Көзіңізді жабу алдында тағы бірнеше секунд төменге қараңыз.

Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату ұсынылмайды.

Түтіктің ішіндегісі ластанбау үшін түтіктің ұшын көзіңізге немесе басқа бетке тигізбеңіз.

Препаратты қолданғаннан кейін назолакримальды каналды басу немесе қабақтарды жабу ұсынылады. Бұл көз тіндері арқылы жергілікті түрде қолданылатын препараттың жүйелі сіңуін және жағымсыз әсерлерін азайтады. Емдеу курсын дәрігер тағайындайды. Көзге жергілікті қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде емдеуді жүргізген кезде қолдану арасында кемінде 5 минуттық аралықты сақтау қажет. Көзге жақпа ең соңғы жағылуы керек.

Ұқсас дәрілер